Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының екі бірдей әкімнің орынбасары есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінді.Олардың бірі қамауға алынды.Полиция департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, «Қарасора-2025» жедел алдын алу шарасы барысында үш адам ұсталды.Оның бірі - Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, екіншісі осы ауданға қарасты Атамекен ауылы әкімінің орынбасары қызметін атқарады. Үшінші күдікті - мемлекеттік қызметші емес.Күдіктілердің қалай ұсталғаны туралы жедел түсірілім жасалған.Видеода аудан әкімі орынбасарының қол сөмкесінен түйіншіктелген есірткі табылғанын көруге болады.Ал екінші ауыл әкімінің орынбасарын ұстау кезінде заңсыз зат оның көлігінен тәркіленген.Қандай есірткі және қанша көлемде табылғаны нақтыланып жатыр.
Әкім орынбасарлары есірткімен ұсталды
