Мұнайлы ауданында төтенше жағдай қызметкерлері Батыр ауылындағы үйлерді аралады. Тұрғындармен кездесу барысында жылыту маусымындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Мамандар пеш пен газ құрылғыларын дұрыс пайдалану жайын айтты. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде газ талдағыш қондырғылар орнатылды. Бұл шара - өрттің алдын алып, халықтың қауіпсіздігін арттыру үшін ұйымдастырылып отыр.