Жаңаөзенде жыл басынан бері  150 жол-көлік оқиғасы болып, 3 адам қаза тапты. Аталмыш мәлімет былтырғы жылмен салыстырғанда 45 дерекке азайған. Полицейлер жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерді тексерді. Бұл кең көлемде өтіп жатырған “Тасымалдаушы” іс-шарасы аясындағы рейд.