Соңғы уақытта жол-көлік оқиғалары жиелеп, қаза болғандардың саны көбейіп кетті.Қазір жол қауіпсіздігін күзететін полиция қызметкерлері көліктерді тексеру жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті.Мамандар жол апатына себеп - жүргізушілердің белгіленген заңға бағынбауы, көлік басқару кезінде маңызды болып табылатын қарапайым ережелерді ескермеуінде дейді.