Ақтауда Халықаралық “Қорқыт ата” кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті.Бауырлас бес мемлекеттен келген кино өнерінің өкілдері бас қосқан шара биыл 5-ші рет жалауын көтерді. Фестиваль бағдарламасы бойынша көрермен назарына 50-ге жуық туынды ұсынылады. Әділқазылар алқасы қазақстандық және шетелдік режиссерлердің жұмысына баға беріп, сарапқа салады.