Ақтау қаласындағы 20 шағын ауданының тұрғындары 10 күннен бері жылусыз отырмыз деп шағымдарын айтты.Қабырғасы мен едендері ызғар тартып тұрған суық үйде балалары тоңып, жиі сырқаттанатын болған.Амалы таусылған тұрғындар әкімдік өкілдерін шақырып, шағымдарын жеткізді.Айтуларынша, былтыр да пәтерлерінде жылу дұрыс болмай, қыс бойы тоңып шығыпты.  Аталмыш мекен жайда жылудан бөлек басқада проблема бар екен.