Сай Өтес ауылында құтыру індетінен бір түйе анықталды. Оқиға 12 қаңтар күні тіркелген. Ауыл тұрғыны малының ауру екенін айтып ветеринар мандарға хабарласқан. Жануарды тексерген мал дәрігері клиникалық белгілеріне қарап құтырған деп алдын ала болжам қойып, түйені оқшаулапты. Алайда 15-ші қаңтар күні мал иесі түйенің өлгенін хабарлаған.