"Ана серпіні" әлеуметтік жобасының аясында, Мұнайлы ауданы Баянды ауылында тағы бір тігін цехы ашылды. Аталмыш жоба, «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанаты мен отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің қолдауымен жүзеге асты.