Маңғыстау облысының әкімі жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша актив жиынын өткізді. Жиынға қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, өндірістік кәсіпорын жетекшілері мен қоғам белсенділері қатысты. Кездесу барысында облыс әкімі жүргізіліп жатқан конституциялық өзгерістердің өзектілігін атап өтті.