Каспий теңізінің тартылуы тек экологиялық қана емес, әлеуметтік-экономикалық та мәселе. Ал ол тек Қазақстандық секторды ғана емес Каспий маңы елдерінің барлығын да алаңдатып отыр. Теңіз деңгейінің төмендеуін, биоресурстардың азаюы мен ластануын зерртеп, оны сақтауға Қазақстан үкіметі 1,1 млрд теңге бөлді.