Микро және шағын бизнес өкілдері үшін ақжолтай жаңалық. Бизнес субъектілері салық берешегінің негізгі сомасын төлеген жағдайда, оған есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі. Бұл қағиданы Қаржы министрлігі ресми түрде бекітті.