Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Alatau Green Production» ЖШС құрылтайшыларымен кездесті. Басқосу барысында өңір аумағында заманауи жылыжай кешенін салу жобасы жан-жақты талқыланды. Жоба аясында жалпы аумағы 6 гектарды құрайтын жылыжай кешенін іске қосу жоспарланып отыр.