Жаңаөзен ауылына қарасты Теңге ауылында Наурыз тойы салтанатпен өтіп жатыр.Ауыл тұрғындары мерекелік шараға белсенді қатысып, ұлттық киімдер шеруіне шықты.Шара аясында мерекелік құттықтаулар айтылып, наурыздық дастархан жайылып, ақ үйлер тігіліп, ұлттық дәстүрлер дәріптелуде .Сонымен қатар, мерекелік концерт, ойындар мен сайыстар халықтың көңіл-күйін көтерді.Теңге ауылынан Жаңаөзендік әріптесім Райымгүл Махамбетова тікелей эфирге қосылды.