Гендерлік тепе-теңдік және тұрмыстық зорлық-зомбылық - қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі.Осы бағытта ақпараттық сауаттылықты арттыру және медианың рөлін күшейту мақсатында бүгін Алматы қаласында арнайы тренинг өтіп жатыр.20-ға жуық журналистер мен медиа мамандар гендерлік сезімтал тақырыптарды дұрыс жариялау, стереотиптерден арылу және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін кәсіби тұрғыда көтеру жолдарын талқылауда.Араларында Маңғыстаудан іс-сапармен барған төрт медиа саласының мамандарыда бар.Тренинг барысында қатысушылар теориялық біліммен қатар, практикалық жаттығулар орындап, нақты кейс бойынша жұмыс істеуде.Бұл өз кезегінде ақпаратты дұрыс жеткізу мен аудиторияға әсер етудің тиімді тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.Мамандардың айтуынша, мұндай оқыту бағдарламалары медианың жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы маңызды мәселелерге бей-жай қарамауға ықпал етеді.Аталған тренинг екі күнге жоспарланған.