Жаңаөзенге қарасты Қызылсай ауылында Наурыз тойы өтіп жатыр.Наурызнаманың онкүндігі аясында ауылда ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылуда.Шара барысында , тоғызқұмалақ, қазақша күрес және дәстүрлі ат спорты түрлері көрсетілді.Ауыл тұрғындары мен қала қонақтары қатысып, балалар мен жасөспірімдер өз шеберліктерін паш етті.Сонымен қатар, мерекелік концерт, ойындар мен сайыстар халықтың көңіл-күйін көтерді.Наурыз тойының бұл көріністері тікелей эфир арқылы көрсетіліп, ұлттық мәдениет пен спорт дәстүрлері дәріптелуде. Қазір ауылдағцы іс-шарадан жаңаөзендік әріптесім Сәбит Ұлықпан бізбен байланысқа қосылды.