Бүгін Жетібай ауылы Ұлыстың ұлы күнін қарсы алуда.Ауылдың орталық алаңында киіз үйлер тігіліп, қазанда наурыз көже қайнап, сахнада өнерпаздар өнер көрсетіп, әсем әндер шырқалуда.Ұлық мейрамда ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары да белсенді қатысуда.Қазір қызып жатқан тойдың ортасынан әріптесім Жұмазия Оразай тікелей байланысқа қосылды.