Роботпен көрісу.Теңіз жағалауында тігілген «Digital Nauryz» интерактивті цифрлық киіз үйге келушілер Наурыз есімді робот-адам мен Тазы есімді робот-итпен танысты.Өткен мен бүгінді бір арнаға тоғыстырған «Digital Nauryz» киіз үйіндегі LED-экранда өңірдегі ақпараттық технологиялар саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар, стартаптар және жастардың IT саласын дамытуға бағытталған бастамалары таныстырлды.