Ақтауда Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурыз мерекесіне орай кең ауқымда тойланды.Теңіз жағалауында мерекеге орай 30 киіз үй тігілді.Этноауыл аумағында қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттайтын қолөнершілердің көрмесі ұсынылып, келушілер ұлттық бұйымдармен танысуда.Сонымен қатар, қонақтар дәстүрлі ойындарға қатысып, ұлттық мәдениеттің бай мұрасы туралы мол мағлұматқа кенелуде.