Ұлыстың ұлы күніне орай теңіз жағасында бірқатар мәдени-танымдық көрмелер өтті.Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі, Отпан тарихи-мәдени кешені, Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейі және Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы арнайы көрмелер ұйымдастырды.