Жаңаөзендік Saktagan academy командасы футзалдан ҚР чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті.Елдің түкпір-түкпірінен келген 24 команданың арасынан суырылып шыққан спортшылар күміс жүлдеге ие болды.Бұл жетістік - табандылық пен жүйелі дайындықтың айқын көрінісі.Жеңімпаздарды жерлестері Жаңаөзен стелласынан салтанатты түрде қарсы алды.