Жаңаөзен қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары бір тәулікте бірнеше көлік пен техниканы батпақтан шығарып, ондаған адамға көмек көрсетті. Құтқарылғандардың қатарында Бекет-Ата маңында жолда қалған Италиядан келген туристер де бар. Мамандар жедел әрекет етіп, көліктерді қауіпсіз жерге шығарып, жолаушыларды бағыттап отырған.