Ақтауда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған іс-шаралар жалғасуда. Кезекті кездесу Достық үйінде «Қуанышты күн» акциясы аясында өтті. Шара Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылып, өскелең ұрпақтың кітап оқуға және шығармашылыққа қызығушылығын арттыруды көздейді.