Ақтауда ұлттық лицей төңірегінде дау туындады. Бір топ мұғалімдер мен ата-аналар жалақылары мен оқу ақысын қайтара алмай жүргендерін айтып, көмек сұрады. Олардың сөзінше, білім беру мекемесі қазіргі таңда жұмысын тоқтатқан.