Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы «Нұр» санаторийлік-сауықтыру кешенінің құрылыс барысын көріп, жобаның жүзеге асу кезеңдерімен танысты. Жобаны жүзеге асырушы мамандар өңір басшысына құрылыс жұмыстары мен техникалық шешімдер туралы ақпарат берді. Кешен өңірде емдік-сауықтыру және оңалту қызметтерін дамытуға бағытталған.