Жаңаөзен қаласы полиция басқармасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Профилактикалық кабинет» ашылды. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.