Бейнеу аудандық көпбейінді орталық ауруханасында әр апта сайын балаларды дұрыс тамақтандыру бойынша практикалық семинар өтеді.Шеберлік сағатқа бала күтіміндегі және болашақ аналар қатыса алады.Аталған шарада баланың жас ерекшелігіне қарай тамақтандыру әдістері және сәби тағамын дұрыс әзірлеу бойынша ақпараттар беріліп, іс жүзінде көрсетіледі.Мақсаты - балалар жиі ұшырап жатқан аурулардың алдын алу.Дәл қазір тренинг барысын Бейнеудегі тілшіміз Гүлнұр Сапарова бізге тікелей эфирде көрсетуге дайын.