Бүгін телеарна күні Маңғыстау өңіріндегі Таушық ауылында өтіп жатыр.Қазір төларнаның түсірілім тобы ауылдан бірнеше рет тікелей эфирге шығуға дайындалуда. Сонымен қатар «Төрлетіңіз» хабары да дәл сол елді мекеннен бірер минуттардан кейін тікелей эфирде көрерменге жол тартады.Әріптесім Абзал Ақиқат дәл қазір Таушықтағы жалпы білім беретін Шахта мектебіндегі ерекше музейді аралап жүр.Ол жерде ауылдың тыныс-тіршілігі, тарихи дамуы және өңірден шыққан тұлғалардың өмір жолы кеңінен таныстырылған.Қазір әріптесім Таушық ауылындағы білім ордасынан тікелей байланысқа шығуға дайын.Абзал, мектеп музейінде қанша жәдігер сақталған?