Ақтауда «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акция - форумының ашылу салтанаты өтті. Форумның негізгі мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау, қоғамда отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қауіпсіз орта қалыптастыру болып табылады.