Ақтаулық дизайнер Анар Мақсұт ескі маталар мен текстиль қалдықтарын кәдеге жаратып жүр. Ол қайта өңделген материалдардан ерекше үлгідегі киімдер тігеді екен. Дизайнердің еңбегі тіпті халықаралық деңгейде де бағаланып, оның жұмыстары әлемге танымал журналдың біріне жарияланған.