Маңғыстау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірдегі барлық мектептің басын қосқан ауқымды театр байқауы өз мәресіне жетті. Жоба аясында оқушылар театр сахнасы арқылы құқықтық мәдениет, әділдік пен азаматтық жауапкершілік тақырыптарын көтерді.