Маңғыстауда туризм саласы қарқынды дамып келеді. Соның ішінде табиғат аясындағы демалыс түрлері ерекше танымал. Қазіргі таңда демалушылар қаланың шуы мен қарбаластан шаршап, тыныш әрі жайлы демалысты таңдайды. Осыған байланысты глэмпинг атты жаңа демалыс түрі кең таралуда. Глэмпингте адамдар табиғат аясында тынығып, қонақүйдегідей ыңғайлы жағдай пайдалана алады.