Сәуірдің 1-нен бастап елімізде мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілді. Жаңа жүйеге сәйкес іріктеу процесі толықтай онлайн форматқа көшіріліп, конкурс өткізу мерзімі қысқартылды. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызметке орналасу рәсімін жеңілдетіп, ашықтық пен қолжетімділікті арттыруға бағытталған.