Маңғыстау облысында Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Сайлау науқаны кезінде өңірде 8 аумақтық және 267 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның 255-і - тұрақты, ал 12-сі - уақытша сайлау учаскелері. Облыстағы сайлаушылар саны - 452 615. Қазіргі таңда сайлаушылар тізімін нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар өздерінің сайлау учаскесін Call-орталықтар, Sailau.e-mangistau.kz сайты және ManSaylawBot Telegram-боты арқылы тексере алады.