Профориентолог: Баланың мамандық таңдауында отбасының рөлі маңызды
Профориентолог Айдос Жұманазардың айтуынша, баланың білім алуы мен болашақ мамандығын таңдауында ата-ананың жауапкершілігі зор.
«Кәсіптік бағдар беру ең алдымен үйден, отбасыдан басталады. Баланың қызығушылығы мен қабілетін түсініп, дұрыс бағыт көрсету – ата-ананың маңызды міндеттерінің бірі», – деді маман.