Маңғыстауда 231 мыңнан астам сайлаушы таңдау жасады
Маңғыстау облысында Құрылтай сайлауында дауыс беру белсенді жүріп жатыр. Сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша, өңірде 231 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасаған.Бұл - жалпы сайлаушылардың 50,65 пайызы.Облыс бойынша сайлаушылардың жалпы саны - 457 775 адам.Өңірде 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Барлық учаскеде дауыс беруге қажетті жағдай жасалып, тиісті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.Сайлау учаскелерінде 7 саяси партияның, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің бақылаушылары жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, сайлау барысын 9 халықаралық ұйымнан келген бақылаушылар да қадағалап отыр.