Негізгі Жаңалықтар Тарихи күндегі ерекше таңдау

Тарихи күндегі ерекше таңдау

Бүгін сайлау учаскелеріне ерекшеленіп барғандар көп болды. Мәселен Ақтауда Өрмекші адам кейпіндегі адам дауыс берді. Ол алдымен сайлау учаскесінің алдында өрмекшінің қимылдарын көрсетіп, кейін бюллетень алып, кабинаға кіріп, таңдау жасады. Ел аузында генерал Әже атанып кеткен Сәрсенбибі Өтешова да немерелері мен келіндерін ертіп дауыс беру орнына апарды. Бұдан бөлек ойын әлеміндегі Мариода саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауын жасады. Азаматтар сайлауға ерекше образбен келіп, маңызды күнге өзіндік сән берді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар