Ақтау қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде екі азаматтың арасында жанжал болып, бір адам дене жарақатын алды. Оқиға барысында ерегескендердің бірі «Аңшы сигналы» деп аталатын құрылғыны қолданып, екінші адамның бет тұсына дене жарақатын келтірген. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдікті жедел анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.