"Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы". Үлкендердің үнемі бізге айтатын осы сөзін Ақтаудағы балабақша тәрбиешілері басшылыққа алып, балалардың санасына сіңіріп жатыр. Бөбекжай қызметкерлері бүлдіршіндерге ұлттық құндылықты дәріптеп, қазақы тәрбиені сақтауға баса ден қойып отыр.