Соңғы жылдары Маңғыстау өңіріне келетін туристердің қарасы көбейген. Соған сәйкес аймақта туристік инфрақұрылым жаңартылып, жаңа инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Көлік қатынасының қолжетімділігі артып, туристерге қолайлы жағдай жасауға басымдық берілген. Сонымен қатар, Маңғыстаудың туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жалғасуда.