Халықаралық волонтерлер апталығы басталды
Каспий жағасында мыңдаған ерікті бас қосты. Маңғыстау облысында «Caspian Sea Action Week - 2026» халықаралық волонтерлік апталығы басталды. 8 елден келген 2 мыңнан астам ерікті теңізді қорғауға бағытталған экологиялық акцияларға атсалысады. Ауқымды экологиялық шара Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Халықаралық волонтерлер жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Каспий үшін жасалған игі бастама қалай өтуде?