Қазақстан Еуразиядағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді
нлайн-марафон алаңында Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов сұхбат берді. Ол елдегі көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары туралы баяндады.
Вице-министрдің айтуынша, көлік саласы экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналып келеді. Қазақстанда әуежайлар жаңғыртылып, халықаралық рейстердің географиясы кеңеюде. Сонымен қатар 11 мың шақырым автожол салынып, жөнделіп жатыр. Теміржол, вокзалдар мен өткізу пункттері де жаңартылуда.
Каспийдегі инфрақұрылымды дамытуға да ерекше назар аударылуда. 2030 жылға қарай теңіз порттарының өткізу қабілетін 30 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланған.