Қазақстан ең бақытты елдер тізімінде 33-орында
147 ел бойынша жасалған көрсеткіште Қазақстан Франция, Сингапур сияқты бірқатар дамыған елдерден және ТМД мен Орталық Азия мемлекеттерінен де алға озған.
World Happiness Report рейтингі – өмір сапасын бағалауға арналған ең ірі жаһандық зерттеулердің бірі.
Айта кетейік, еліміз былтыр бұл тізімде 43-орында болған еді. Биыл 10 сатыға жоғарылады.