«Халық өз құқығын білуі керек»
Бұл туралы Қазақстан Заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай мәлімдеді.
«Соңғы төрт жыл ішінде халықпен кездесіп, азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетіп келеміз. Әсіресе ауылдық елді мекендерде бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар жеті партияның өкілдерімен меморандум жасап, заң консультанттары арқылы азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп жатырмыз.
Ең алдымен халыққа заң талаптарын түсіндіру, азаматтардың өз құқықтарын білуі маңызды. Мысалы, Сингапур – заң үстемдігі берік орныққан мемлекеттердің бірі. Бұл елде заң бұзушылық жазасыз қалмайды», – деді Серік Ақылбай.