Заңгер: Заң - қоғамдағы теңдікті қамтамасыз ететін құрал
Заңгер Арыс Данағатов жалпыұлттық онлайн-марафон барысында заңның бай мен кедейді, күшті мен әлсізді барлық адамды бір деңгейде теңестіретін құрал екенін айтты. Оның сөзінше, барлық азамат заң талаптарын орындауы келешек үшін де маңызды.
«Заң бәріне ортақ болуы тиіс. Адам мемлекетке сенімді болса, ол заңды орындайды. Мысалы, адал еңбек - еңбек шартына негізделуі керек, ал адал табыс дегеніміз - салық төлеу. Салық біздің болашағымыз үшін төленіп жатыр. Міне, осыны түсінген жағдайда барлық адам заңға бірдей бағынып, оны ұстанады», – деді заңгер.