Негізгі Жаңалықтар Түркістандық тұрғындар да саяси науқанға белсенді қатысуда.

Түркістандық тұрғындар да саяси науқанға белсенді қатысуда.

Мәселен, қала жастары Құрылтай сайлауын таңғы жаттығу жасаудан бастады. Салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар алдымен таңғы ауамен жан сергітіп, ойы мен бойы шираған күйде өз таңдауларын жасады.Сондай ақ, шаһардағы бірқатар сайлау учаскесінің комиссия мүшелері келушілерді қазақы нақыштағы ұлттық киіммен қарсы алды.Тіпті кейбір дауыс беру орындарында ақ дастархан жайылып,  тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылды.Учаскеге қайықпен саяхаттап келіп, дауыс бергендер де бар.Сайлаушылардың бұл әрекеті мәдени орталықтың туристік әлеуетін паш ете отырып, маңызды саяси оқиғаға мерекелік көңіл-күй сыйлады.Міне, Түркістанда сайлау науқаны осындай ерекше оқиғалармен өтіп жатыр. Айта кетейік, қазір өңірде халықтың емін-еркін таңдау жасауы үшін 952 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр.Жалпы Түркістан облысында 1 млн 205 мыңға жуық тұрғын таңдау жасауға құқылы.Оның ішінде 20 мың жас алғаш рет дауыс бермек.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар