Ақсақал отбасымен бірге келіп дауыс берді
Жаңаөзен қаласындағы барлық сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сай жалғасып жатыр.Саяси науқанға тұрғындар белсенді қатысып, өз таңдауын жасауда. Дауыс беруге отбасымен бірге келген тұрғындар да бар.Теңге ауылының ақсақалы, Жаңаөзен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүзбай Күмісбаев та отбасы мүшелерімен бірге сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.Ақсақал ұлттық нақыштағы киім үлгісімен келіп, саяси науқанға белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті.Ардагерлер кеңесінің төрағасымен бірге тікелей эфирге әріптесім Әсел Алдашова қосылады.