Су жүйесі мен абаттандыру жұмыстары бақылауға алынды
Қарақия ауданының әкімі Жансейіт Қайнарбаев Жетібай ауылына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын зерделеді.Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан әкімі Жетібай ауылындағы су айдау-жинау бекетіне барып, нысанның қызметімен және жұмыс барысымен танысты.