Әкімдіктегі кадрлық ауыс-түйіс
Маңғыстау облысында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ербол Ізбергенов облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын.Ал Парламент Сенатының депутаты болған Бекбол Орынбасаров енді өңір басшысының орынбасары қызметін атқарады.Сондай-ақ Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының, Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының, ал Жансейт Қайнарбаев Қарақия ауданының әкімі қызметіне кірісті.Жаңа басшылардың бірқатары бұған дейін аудан, қала әкімдері мен облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарғанын айта кетейік.