«Қызылсай» табиғи паркі дронмен бақыланады
Маңғыстау облысындағы «Қызылсай» өңірлік табиғи паркі дронмен бақыланатын болды. Жаңа технология парк аумағындағы қауіпсіздікті күшейту үшін енгізіліп отыр. Өйткені соңғы уақытта табиғаты көркем мекенге саяхаттап келушілер төңіректі жиі ластайтын болып жүр. Заманауи құрылғы арқылы мамандар табиғи аумақтағы жағдайды әуеден бақылап, заңсыз әрекеттердің алдын алады.