Бірлік – тұрақтылықтың негізі
Республика күні – күнтізбедегі маңызды мерекелердің бірі. Сонымен қатар Қазақ елінің жеткен жетістіктеріне және болашағымызды айқындайтын құндылықтарға ой жүгіртетін ерекше күн. Тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісім, саяси тұрақтылық – мемлекеттің одан әрі өркендеуіне негіз болатын басты құндылықтар. Бұл ретте жаңа белестерді бағындырумен қатар, қолда бардың қадірін біліп, оның маңызын бағалай білу де аса маңызды. Саяси ғылымдарының докторы, профессор Киікбай Жәулін осындай пікірде.